Логотип ТЖКАК
Мәзір
Сайт тілін таңдау

Жатақхана

“Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжі” МКҚК

 

Жатақхана туралы жалпы мәлімет

Түркістан жоғары көпсалалы, аграрлық колледжінің балансында 1 студенттік жатақхана бар.

 

Ғимарат типі

Жобалық қуаты

Жалпы жұмыс ауданы (ш.м.)

Техникалық жағдайы

Бөлме ауданы (ш.м.)

Бөлме саны

Басқару құқығы

Типтік

440 орын

3426

Жөндеу қажет емес

16,2

81

Сенімгерлік басқару

 

 

Жалпы сипаттама: Жатақханада студенттердің тұруы үшін барлық жағдай жасалған: тұрмыстық бөлмелер, тоңазытқыштар, газ плиталары, кір жуғыш машиналар, жуынатын бөлмелер, душ және жоғары жылдамдықты Wi-Fi. Жатақхана тегін. Басқа ауданнан келген студенттерді уақытша тіркеуді әкімшілік оқу мерзіміне жүргізеді. Есігі 22:00-ге дейін ашық.

Жатақхананың артықшылықтары:

  • Студенттерге арналған қолайлы орта.

  • Қауіпсіздік жүйесі.

  • Әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шаралар.

Жатақханада тұру ережелері мен қағидалары

  • Құқықтар мен міндеттер: Студенттердің жеке тұлға ретінде құқықтары мен міндеттері бар. Жатақханада достық көршілік қағидасын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті. Студенттердің өз бөлмелерінде сабақ оқуға, демалуға және жеке өмірге құқықтары бар.

  • Өрт қауіпсіздігі: Әрбір тұрғын өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға міндетті. Өрт сөндіру құралдарын орынсыз пайдалану, жалған дабыл қағу – қатаң жазаланады.

  • Қараусыз қалдырылған мүлік: 30 күн ішінде сұралмаған мүлікті колледж өз иелігіне алады. Колледж қоғамдық жерлерде жоғалған заттар үшін жауапты емес.

  • Жиһаз: Әкімшіліктің рұқсатынсыз жиһаздың орнын ауыстыруға тыйым салынады. Зақым келтірілген жағдайда шығын жауапты тұлғадан өндіріледі.

  • Тазалық: Бөлмені таза ұстау – студенттердің міндеті. Жатақханада өтетін сенбіліктерге қатысу міндетті.

  • Кілттер: Кілтті жоғалтқан немесе сындырған жағдайда құны өндіріледі. Есікті кілттеу – студенттің жеке жауапкершілігі.

  • Тынығу сағаттары: 22:00-ден 07:00-ге дейін. Бұл уақытта шу шығаруға тыйым салынады.

  • Тыйым салынған заттар/әрекеттер: Темекі шегу, алкогольді ішімдіктерді сақтау және ішу, сабвуфер қолдану.

  • Қонақтар: Қонақтарға 11:00-ден 22:00-ге дейін рұқсат. Жеке куәлікпен тіркелу міндетті. 5 адамнан артық жиналуға тыйым салынады.

  • Бөлмеге кіру: Төтенше жағдайда немесе тексеріс кезінде әкімшіліктің бөлмеге кіруге құқығы бар.