ТЖКАК
Колледж 1972 жылы Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің қаулысымен және Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік ауылшаруашылық тәжірибе станциясының негізінде құрылды. Алғашқы атауы — «Шымкент совхоз-техникумы».
1996–2003 жж.: «Шымкент агротехникалық колледжі» болып өзгертілді.
2003 ж.: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысымен «Шымкент аграрлық колледжі» атанды және білім беру қызметіне мемлекеттік лицензия алды.
1992 ж.: Оқу процесі толығымен мемлекеттік тілге көшірілді.
2019 ж.: Колледжге жоғары мәртебе беріліп, «Түркістан жоғары аграрлық колледжі» болып қайта аталды.
Инфраструктура: 4 қабатты оқу ғимараты, жатақхана, спорт және мәжіліс залдары, автодром, оқу шеберханасы, тәжірибелік егістік алаңы және асхана.
Мамандықтар: 1972 жылдан бастап механикаландыру, электрлендіру, агрономия, экономика, есеп және аудит, стандарттау, жерге орналастыру сияқты бағыттарда мамандар даярлауда.
Есалиев Орынқожа (1972–1973)
Асанов Қасым Әбуұлы (1973–1987)
Шүкірбеков Боранбек (1987–1995)
Сатыбалдин Әзімхан (1995–1996)
Тұрбеков Серік Ордабекұлы (1996–1997)
Ахметов Сәлімбайұлы (1997)
Сейтжанов Керімжан Сейітжанұлы (1997–2003)
Ережепов Серкебай (2003)
Туғанбаев Мырзабек (2008)
Өмірәлиев Әлібек Кәденұлы (2009–2010)
Тоқсеитов Мадихан Төлегенұлы (2010)
Төлебаев Кенжехан Атақұлұлы (2012–2017)
Бекбергенова Гаухар Алпысбайқызы (2017–2020)
Колледжде ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары мен кандидаттары қызмет атқарады. Оқытушылар құрамы студенттермен бірге республикалық және облыстық деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференцияларға белсене қатысады.